Бас имам «Төлебай» мешітімен жамағатымен жүздесті (ФОТО)

27 сәуір 2022 3095 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов қасиетті Қадір түні қарсаңында «Төлебай» мешітінің жамағатымен жүздесті. Бесін намазына жиылған жамағатқа насихат айтып, келе жатқан Қадір түні жайында маңызды мағлұматтармен бөлісті.

Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айының соңғы он күнінде иғтикаф құлшылығын орындауға кіріскен 16 жамағатпен жеке жүздесіп, сұхбат жүргізді. Кездесу соңында жамағатпен бірге дұға жасалып, қасиетті Қадір түні барша мұсылман үмметіне қайырлы болуын тіледі.

Зиярат барысында өкілдік қызметкерлері мешіттегі тазалық пен қауіпсіздік мәселесін, жамағатқа жасалған жайлылық пен жұмыс барысын қадағалап, мешіт жағдайымен жақынырақ танысып қайтты.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру