Бас мешіт шәкірттері арасында Білім сайысына іріктеу өткізілді (ФОТО)

28 қараша 2018 434 0
Оқу режимі

Кеше Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Діни сауат ашу курсының» шәкірттері арасында Білм сайысына іріктеу өткізілді. Ислам ақидасы бойынша ұйымдастырылған сайысқа жалпы саны 120 шәкірт қатысып, тест сұрақтары бойынша білімдерін сарапқа салды.

Айта кетейік, қазіргі таңда еліміздің Бас мешітінде 600-ге жуық шәкірт діни сауат ашып, дәріс алып келеді. Шәкірттердің діни сауатын ашып, білімдерін арттырып қана қоймай, арадағы бауырмалдықты арттырып, жамағат ынтымағын жарастыра түсу мақсатында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен түрлі спорттық сайыстар, білім жарыстары тұрақты түрде үзбей жалғасып келеді.

Өткен аптаның жексенбісінде волейбол турнирінде спорттық шеберліктері мен күш-қайраты сынға түскен шәкірттер кешегі өткен іріктеу сайысында жинаған білімдеріне жүгініп, мешіт имамдары арнайы дайындаған сұрақтар бойынша сарапталды. Айта кетейік, мешіт шәкірттеріне Білім сайысына әзірлік ретінде бұған дейін «Ислам ақидасы» кітабы таратылып, тест сұрақтары осы кітап негізінде дайындалатыны ескертілген болатын.

Білім сайысының іріктеу кезеңі бойынша жоғары ұпай жинаған үміткерлер Тәуелсіздік мерекесіне орай 14-желтоқсан күні жұма намазынан соң жамағат алдында өтетін ақтық сайысқа жолдама алатын болады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру