Бас мешіт шәкірттері арасындағы Білім сайысы мәресіне жетті (ФОТО)

22 желтоқсан 2018 8381 0
Оқу режимі

Қасиетті жұма күні Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері арасындағы Білім сайысының ақырғы айналымы болып өтті. Естеріңізде болса, осыдан бірер апта  бұрын Бас мешіт шәкірттері арасындағы дәстүрлі Білім сайысы басталып, іріктеу кезеңі өткізілген болатын. Биылғы жылы «Ислам ақидасы» кітабы бойынша ұйымдастырылған Білім сайысына қатысқан 120 шәкірттің арасында жоғары ұпай жинаған бес үміткер жұма намазынан соң жамағат алдында бақтарын санап, білім жарыстырды.

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы ақтық айналым алдында талапты жастарға сәттілік тілеп, ілім жолындағы ізденістерінің жемісті болуын тіледі. Бас мешіт шәкірттері арасында жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан Білім сайысының түрлі сала бойынша ұйымдастырылып, шәкірттер білімін жан-жақты дамытуға басымдық берілуде екенін атап өтті.

Тест түрінде өткен іріктеу кезеңінен үздік шыққан бес үміткер бұл күні өз бақтарын билет суырып, білгенін дүйім жамағаттың алдында іркілмей айтумен сынады. Шәкірттер білімін сараптап, әділ төрелігін шығаруға ҚМДБ Халықаралық қатынастар және хаттама бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Жапал Долиевтар шақырылып, қазылық жасады. Билетте берілген сұрақтардан бөлек қосымша сауалдар қойылып, шәкірттер білімі жіті тексерілді.

Сайыс қорытындысы бойынша Білім байқауының жүлделі І-орны (35 000т) Садибеков Медетке бұйырды. Ал, жүлде қоры 25 000 болатын ІІ-орынды Мадибаев Мұрат иеленді. Қос қарсыласына есе жіберген Тоқмағанбетов Еркебұланға ІІІ-орын беріліп, 15 000 теңгелік сертификат берлді. Қалған екі қатысушы Нұраддин Ақжол мен Ақжан Бағдәулетке «Ынталандыру» сыйлығы (10 000) сыйлығы берілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру