Бас мешіт шәкірттері ұжымдық серуенге шығып қайтты (ФОТО)

15 мамыр 2018 8818 0
Оқу режимі

Кешегі жексенбі Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері үшін ерекше күндердің бірі болды. Бас мешіттегі «Діни сауат ашу курсының» оқу бағдарламасының аяқталуына орай ұйымдастырылған ұжымдық серуен шәкірттер қауымын ынтымаққа ұйыстырып, бірлігін бекемдей түсті. Қала сыртындағы демалыс орында бас қосқан Бас мешіт қызметкерлері мен шәкірттері осылайша жексенбі күнін тағылымға толы өткізіп, тынығып қайтты.

Шәкірттердің бір-бірімен етене танысып, жақынырақ араласуына жол ашқан ұжымдық демалыс спорттық сайыстармен әрленіп, тынығумен бірге шынығу жағын шыңдады. Әр ұстаздың шәкірттерінен жасақталған топтар арасында футбол, волейбол, қызыл ту, арқан тартыс, гір көтеру секілді жарыстар өткізіліп, өзара күш таластырды.

Бір үйдің баласындай бірлік танытып, бірлесе жүріп тамақ та дайындап, жарысқа да қатысып үлгерген шәкірттер үшін табиғат аясында сап түзеп, жамағатпен оқылған намаздың ерекше әсерлі болғаны сөзсіз. Намаздан соң шәкірттер қауымына ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының уағызы да ұжымдық демалыстың тағылымын арттыра түсті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру