Бас мешіт шәкіттеріне игілік жолдары жайлы айтылды (ФОТО)

03 желтоқсан 2018 7350 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әр апта сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан жексенбілік уағыз отырысында бұл жолы игілік жасаудың түрлі жолдары айтылып, жақсылық жасауға ұмтылған жанға қашанда мүмкіндіктердің мол екені ғибратпен түсіндірілді. Осы тақырып бойынша  ой толғаған «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкері Үсен Сәуірбаев шәкірттерге Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннеті мен сахабалар тарихынан түрлі мысалдар келтіріп, игілік жолдарының қаншалықты көп екендігін көркем түрде жеткізді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша уағыз соңында шәкірттер сұрағына кезек беріліп, түрлі тақырыптағы түйткілдердің түйіні тарқатылды. Шәкірт пен ұстаз арасындағы көркем қатынас жамағатқа арнап жайылған жексенбілік дастархан үстінде де жүйелі жалғасын тапты.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру