Бас мешіт жамағаты жұма күні тағы бір сауапты іс жасады (ФОТО)

29 маусым 2018 407 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Өзгеге өмір сыйла!» атты донорлық акция болып өтті. Таңғы тоғыздан бастап құлшылық ордасының ауласында орналасқан Республикалық қан орталығының көлігі еріктілер қабылдап, өз жұмыстарын бастап кетті.

Республикалық Қан орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған игі шараға мешіт қызметкерлері де белсене атсалысып, кезектің алды болып қан тапсырып қайтты. Тоқсан сайын тұрақты түрде өткізіліп тұратын бұл акция мешіт жамағатына көптен таныс. Өз істеріне тындырымды қан орталығының қызметкерлері де бұл жердің «қаны көп» жандарын бұрыннан таниды. «Көбісі бұрындары қан тапсырған болатын. Түрлері таныс, кейбірінің тіпті есімдерін де білеміз», - дейді орталық қызметкерлері.

Пікірлер Кіру