Бас мешітте қарттарға азық-түлік қоры таратылды (ФОТО)

04 қазан 2019 5572 0
Оқу режимі

Қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде тағы бір игі шара орын алды. Жақында ғана аталып өткен қарттар күніне орай бүгін Бас мешітте Елордамыздағы 10 қарияға жәрдем көрсетіліп, бір айлық азық-түлік қоры табыс етілді.

Қариялар мерекесінің құрметіне орай өткен қайырымдылық шарасының шарапаты жастары жер ортасынан асып, ақсақалдыққа жақындап қалған жамағаттарға берілді. Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Руслан Сұлтанов қарияларға ізгі тілегін білдіріп, өткен мерекемен құттықтады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру