Бас мешітте «Қажылық дәрістері» басталды (ФОТО)

13 маусым 2022 2766 0
Оқу режимі

Мұсылман үмметіне парыз етілген құлшылықтың бірі – қажылық сапарына да санаулы күндер қалғаны белгілі. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен арнайы «Қажылық дәрістері» айлық курсы ашылып, ұлық сапарға ниет еткен жандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде де осы жоба аясында арнайы «Қажылық дәрістері» басталды. Мешіт ұстазы Жандос Тәжімұратұлы қажылық жолдамасын алған жамағатқа қасиетті сапардың қыр-сырын түсіндіріп, қажылықтың қалай атқарылатындығы жөнінде ақпаратпен бөлісті.

Айта кетейік, биыл еліміз бойынша 4 000 жанға қажылық жолдамасы бөлініп отыр.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру