Бас мешітте жастарға арналған семинар өтті (ФОТО)

15 қараша 2019 1258 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел жамағатына арналған келелі кездесу өтті. «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйытқы болуымен «Астана Жастары»  жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Ақерке Ақтай «Жастарға арналған әлеуметтік бағдаламалар» тақырыбында семинар өткізді.

Басқосуда жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үйге арналған бағдарламалар, «Жас маман», «Атамекен» бағдарламалары туралы кеңінен таныстырылып, пайдалы ақпараттар берілді. Қатысушылар тарапынан қосымша сұрақтар қойылып, жастар көкейлерінде жүрген көптеген сауалдарға жауап алды.

Семинар соңында мешіт қонағына арнайы алғыс хат пен қасиетті Құран Кәрім сыйға тартылды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру