Бас мешіттегі ауызашар дастарханына дәрігерлер шақырылды (ФОТО)

25 мамыр 2018 7028 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай басталған Бас мешіттегі ауызашар дастарханына кеше Елордамыздағы дәрігерлер қауымы шақырылды. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жылы Бас мешіттегі ауызашар дастарханына күн сайын Астана қаласындағы түрлі қоғамдық ұйымдар (зағиптар, құлағы естімейтіндер, мүгедек жандар, т.б.) мүшелері және ұстаздар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары арнайы шақырылып, берекелі дастархан қонағы болып келеді.

Кеше осы бастама аясында Бас мешіттегі ауызашар дастарханына Елордамыздағы ауруханаларда халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан ақ халатты абзал жандар қатысып, жамағатпен бірге ауыз ашып қайтты. Берекелі дастархан басында дәрігерлер қауымына республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қанат Қыдырмин уағыз жүргізіп, айлардың сұлтаны болған Рамазан жайында маңызды мағлұматқа қанықтыра түсті.

Пікірлер Кіру