Бас мешіттегі қолжазбалар мен сирек кітаптар көрмесі аяқталды (ФОТО)

30 наурыз 2022 2380 0
Оқу режимі

Осыдан бір ай бұрын Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ашылған сирек кітаптар мен қолжазба еңбектер көрмесі бүгін өз жұмысын аяқтады. ҚР МСМ Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық Орталығының қолдауымен өткен көрме аясында арнайы жасақталған сөрелерге 20-дан астам қолжазба еңбектер мен құнды еңбектер қойылып, жамағатқа таныстыру жұмыстары өткізіліп тұрған болатын. Cондай-ақ, көрме сөрелеріне мешіт қызметкерлері жинақтаған Құран кітабының түрлі нұсқалары да жамағат назарына ұсынылды.

Көрме сөрелеріне қойылған сонау Әл-Фараби бабамыздан бастап 850-ге жуық ғұламалардың өмірбаяны қамтылған «Уафият әл-Аян» сынды құнды кітаптар, Ислам дініне қатысты түрлі еңбектер мен кітаптар, VII ғасырға тиесілі Құран кітабының көшірмесі келушілер назарын ерекше аударып, қызығушылықтарын туғызды.

Осы орайда Қолжазба және сирек кітаптар Ұлттық орталығының ғылыми қызметкері Иманғалиев Алмас пен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Әділхан Иманәліұлы күнделікті келушілерге көрме жұмыстарын таныстырып, сирек еңбектер бойынша мағлұмат беріп отырды.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру