Бас мешіттің бала шәкірттері «Ұртоқпақ» қойылымын тамашалады (ФОТО)

18 маусым 2022 758 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсының бала шәкірттері бүгін ҚМДБ ғимаратында қонақта болып, Діни басқарманың концерт залында арнайы сахналық қойылым тамашалады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жастар театры» актерлері ұсынған «Ұртоқпақ» балалар спектаклі жас көрермендердің көңілінен шығып, ерекше сезімге бөленіп қайтты. Қойылым соңынан бала шәкірттер орындарынан тік тұрып, театр ұжымына өз ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, балалар үшін арнайы келіп, қуанышқа бөлегені үшін «Жастар театрына» мешіт ұжымы атынан алғыс айтты. 

Осылайша, «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жазғы сауат ашу курсының шәкірттері бүгін театр мәдениетімен танысып, таным көкжиектерін кеңейте түсті. Айта кетейік, еліміздің Бас мешітінде «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсына биылғы жылы 500-ден астам шәкірт қабылданған болатын. Арнайы бекітілген курс сабақтарынан бөлек, бала шәкірттер үшін осындай мәдени шаралар, спорттық ойындар, танымдық саяхаттар ұйымдастырылып келеді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру