Бас мүфти Әбсаттар Дербісәлімен кездесті (ФОТО)

13 қаңтар 2020 659 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласында Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, профессор Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті.

Кездесуде Серікбай қажы Ораз мүфтияттың 30 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асатын 30 игі шараның жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар, ҚМДБ ұйымдастыруымен өтетін әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175, мүфтияттың 30 жылдық мерейтойына орай жоспарланған халықаралық конференциялардың бағдарламасымен таныстырды.

Өз кезегінде Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы Әбсаттар қажы Дербісәлінің ҚМДБ тізгінін қолға алған жылдар діни сала үшін өрлеу, ағарту кезеңі болғанын айрықша атап өтіп, елеулі еңбегіне ізгі ниеті мен алғысын жеткізді.

Кездесу соңында дін қайраткерлері елдің игілігі мен бірлігі жолында қызмет етудің маңызына тоқталып, ортақ шараларды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты.

Пікірлер Кіру