Бас мүфти Діни басқарма маңын абаттандыруды тапсырды (ФОТО)

12 мамыр 2020 3507 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары дін басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма ғимаратын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.

Бас мүфти ғимараттың спорт кешенін, кітапханасын, компьютер бөлмесін, компьютер залын, акт залы мен спорт залын, ғимарат маңын аралап шықты.

Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы тиісті қызметкерлерге Діни басқарма маңын абаттандыру, құрылысы бітпей жатқан нысандарды аяқтау жайлы тапсырма берді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру