БАС МҮФТИ КАВКАЗ МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫМЕН АРНАЙЫ СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

21 қазан 2022 1382 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әзiрбайжандағы жұмыс сапары аясында бірқатар кездесулер өткізді. Ең алдымен Кавказ мұсылмандарының төрағасы, шейхуль Ислам Аллашүкір Паша-Задемен жүздесті.

Бас мүфти ең алдымен Түркі мемлекеттерінің мұсылман дін басшыларын Әзербайжан жеріне жинап, үлкен жиын өткізіп, бастамаға қолдау білдіргені үшін Аллашүкір Паша-Задеге алғысын білдірді. Осы сапар аясында Физули, Шуша қалаларына бірге жасаған зияратқа ризашылығын білдіріп, Кеңес жұмысының алдағы жоспары талқыланды.

Кездесу соңында Наурызбай қажы Тағанұлы ілтипат көрсетіп, Аллашүкір Паша-Задеге кәдесый табыстап, екі елдің бауырластығы жолындағы жұмыстарына табыс тіледі.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру