БАС МҮФТИ ОРАЛДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

12 сәуір 2024 628 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары кезінде Орал қаласында орталық мешітте жұма уағызын айтты.

ҚМДБ Төрағасы мешіт жамағатын өңірдегі төтенше жағдай кезінде қоғамдық жұмыстарда белсенді болуға, сонымен қатар ел игілігі үшін дұға жасауға шақырды. Халықты сабырлыққа үндеді.

«Зират және зиярат мәдениеті мен әдебі» жайлы уағыз айтқан Наурызбай қажы Тағанұлы: «Алла Тағала адам баласын тіршілік иелерінің ең ардақтысы етіп жаратқан. Тірі адам қандай құрметті болса, қайтқан кісілер де сондай қадірлі. Сол себепті адам тәні көмілген зираттарды құрметтеу, таза ұстау, қорғау және бірқатар әдептерді ұстану тірілер үшін талап етіледі.
Ислам дінінде қайтыс болған кісіні жерлеудің үкімі – парыз. Өйткені мәйіт көмілмей қалатын болса, «адам» деген ардақты жаратылысқа жасалған үлкен құрметсіздік әрі күнә болады», – деп атап өтті.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру