БАС МҮФТИ «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» ЕРІКТІЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

25 қыркүйек 2024 169 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен өткен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» ІІІ республикалық еріктілер форумында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл көктемдегі су тасқыны кезінде тұрғындарға жәрдемші болған еріктілер мен зекет өкілдерін алғыс хатпен марапаттады.

«Сіз еліміздің кейбір аймақтарында орын алған алапат су тасқыны салдарынан зардап шеккен отандастарымызға көмек қолын созып, нағыз еріктіге тән ерлік көрсеттіңіз. Сол секілді мүфтияттың қайырымдылық іс-шараларында белсенділік танытып, өзгелерге үлгі боларлық ісіңіз үшін айрықша алғысымды білдіремін. Алла сізге разы болсын!» делінген алғыс хатта.

Сондай-ақ Бас мүфти жуырда Парижде өткен Паралимпиадада ел намысын қорғап, парадзюдодан күміс жүлде иеленген спортшымыз Ерғали Шәмейдің жеке бапкері Дәурен Оразұлына ұмра қажылығына жолдама табыс етті.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру