Бас мүфти қуғын-сүргін құрбандары үшін дұға жасады (ФОТО)

31 мамыр 2020 373 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол қалашығында орналасқан «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешенінде болып, боздақтарды еске алып, дұға жасады.

Сонымен қатар Бас мүфти бұйрығымен еліміз бойынша барлық мешітте бесін намазынан кейін елдің ертеңі үшін шейіт болғандарға дұға жасалып, Құран бағышталды.

Айта кетсек, бүгін, яғни 31 мамыр - ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру