Бас мүфти шетелдегі қазақстандық студенттердің «Талаба» қауымдастығының жетекшісін қабылдады (ФОТО)

19 тамыз 2019 5479 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз шетелдік оқу орындарында діни білім алып жатқан қазақстандық студенттердің «Талаба» қауымдастығы мүшелерімен кездесу өткізді. Келелі басқосуға ҚМДБ Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев және «Талаба» студенттер қауымдастығының жетекшісі Жакиев Тілепберген қатысып, шетелдегі Қазақстан жастарының жай-күйі талқыланды.

Кездесу барысында Бас мүфтиге студенттер қауымдастығының құрылу мақсаты мен жұмыс жоспары таныстырылды. Осыған орайда, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімі әзірлеген жұмыс жоспарымен бірлесе отырып атқарылатын шаралар легі топтастырылды.

Айта кетейік, «Талаба» студенттер қауымдастығы шетелде діни білім алып жатқан қазақстандық жастар мен ҚМДБ арасында тығыз байланыс орнатып, әртүрлі ағымдар мен діни топтардың жетегінен сақтандырып, әлеуметтік көмекпен қолдау жасау мақсатында құрылған болатын.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру