Бәйге жеңімпаздарының шығармалары кітап болып жарияланды

27 қазан 2018 6111 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  төл басылымы «Иман» журналы  өткен жылы «Сіз қайырымдылыққа қалай қарайсыз?» деген тақырыппен шағын әңгімелерге оқырмандар арасында бәйге жариялаған болатын. Сол жылы қазан айында бәйгенің жеңімпазы анықталып, оған кіші қажылыққа сертификат табысталған еді. Қоржынымызға 200-ге тарта  материал түсті. Соның ішінен 38 әңгіме іріктеліп «Қайырымды жан жәннатқа жақын» деген атпен жеке жинақ «Dostar media group» баспасынан басылып шықты.

Құрметті кітап сүйер қауым! Халқымыздың асыл қасиеттерінің бірі қайырымыдылықты бүгінгі өмір иірімдерімен байланыстыра отырып терең қаузаған, түрлі оқиғаларға құрылған  қызықты әңгімелерді оқығыңыз келсе мына нөмірлерге хабарласыңыз! Байланыс тел:  8778 948 74 10, 8700 110 06 37. 

Дереккөз: «Иман» жураналы

Пікірлер Кіру