Beket-ata.kz сайты іске қосылды (ФОТО)

05 шілде 2020 353 0
Оқу режимі

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының өңірлердегі үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуге байланысты тапсырмасына орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің beket-ata.kz ресми сайты іске қосылып, таныстырылымы өтті.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға орай, аталмыш сайттың тұсаукесері онлайн форматта өтті. Іс-шара барысында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы діни ақпараттың қоғам өміріндегі маңыздылығын атап өтіп, сайт ұжымына жемісті жұмыс, шығармашылық табыс тіледі.

«Біз ақпараттық дәуірде өмір сүрудеміз. Осы тұста бұл сайттың іске қосылуы – біз үшін үлкен жетістік. Ендігі жерде, облыс көлеміндегі діни-танымдық бағыттағы жаңалықтар мен мақалалар, жамағатымызға осы сайт арқылы беріледі», – деді Әнуар Ізімбайұлы.

Сайтта ел және облыс деңгейіндегі діни жаңалықтар, танымдық мақалалар, өзекті діни сұрақ-жауаптар, Маңғыстау өлкесінің көрікті жерлерінің 3-D панорамалары және видео уағыздар жарияланады.

Дереккөз: Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру