Белгілі айтыскер ақын Бас мешіт жамағатымен жүздесу өткізді (ФОТО)

19 қазан 2019 4699 0
Оқу режимі

Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел жамағатына «Отбасы құндылықтары» тақырыбында семинар болып өтті. Әр жұма сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан кездесу кешіне елімізге белгілі айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастра сыйлығының иегері Сара Тоқтамысова шақырылған болатын.

Кездесу барысында отбасы құндылықтары, ер мен әйел психологиясы,  ене мен келін арақатынасында ескерілуі тиіс болған жайттар сөз етіліп, қыз-келіншектер үшін ғибратты кеңестер айтылды.

Кеш соңында қонаққа «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубының  атынан арнайы алғыс хат табысталып, қасиетті Құран Кәрім сыйға берілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру