Білім бәйгесінің жеңімпазы Ұмра сапарына аттанды

27 қазан 2018 5821 0
Оқу режимі

Алматы қаласында өткен «Раббым, білімімді арттыр!» атты сайыстың жеңімпазы кіші қажылық сапарына аттанды деп хабарлайды Алматы қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Естеріңізде болса, Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлының бастамасымен үстіміздегі жылдың Рамазан айында мешіт жамағаты арасында «Раббым, білімімді арттыр!» сайысы ұйымдастырылған болатын. Аталған сайысқа 600-ден астам үміткер қатысып, өз бақтарын сынаған болатын.                   

Білім бәйгесінің жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі қасиетті Қадір түні күні көпшілік жамағаттың алдында өткізіліп, Ұмра сапарына арналған жолдаманы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қари Шоқаев табыстаған еді.

Соған орай, «сабақты иненің сәті» енді түсіп, «Достық тревел» қажылық компаниясының директоры Абдусамат Арипов өз демеушілігімен сайыстың бас жүлдегері – Төреханов Мұхаммед кіші қажылық сапарына аттанды.

Пікірлер Кіру