Бірінші наиб мүфти елордалық өнер майталмандарымен кездесті (ФОТО+ВИДЕО)

17 қаңтар 2020 5677 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қасиетті жұма намазынан соң жөні бөлек басқосу болып өтті. Бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы «Ізгілік мекені» сұхбат алаңы» жобасы аясында елордалық өнер майталмандарымен кездесіп, сүбелі сұхбат өткізді.

Елімізге есімдері кеңінен белгілі Аманжол Әлтаев, Серікзат Дүйсенғазин, Жандарбек Бұлғақов, Еркебұлан Қайназар сынды айтыскер ақындар мен Ұларбек Нұрғалым, Серік Сейтман секілді жыр дүлдүлдері, Олжас Сыдықбек, Нартай Сауданбек, Дәурен Серғазин сынды театр өнерінің майталмандары мен Құрмаш Махан, Досымжан Таңатаров бастаған өнер жұлдыздары өзара пікірлесіп, түрлі ұсыныстары мен ойларын ортаға салды. Басқосу барысында қашанда мешіт жамағатының қатарынан табылып, құлшылық ордаларының қал-жағдайына қанық жүретін жанашыр азаматтарға Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жылғы атқарған іс-шаралар есебі көрсетілді. Оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық, теріс ағыммен күрес секілді басты бағыттар аясындағы атқарылған жұмыстарға шолу жасалып, қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстар талқыға түсті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру