Бірінші наиб мүфти қайырымдылық мекемесінің өкілдерін қабылдады (ФОТО)

11 шілде 2019 7466 0
Оқу режимі

ҚМДБ бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өздерінің өтініші бойынша «Жібек жолы қайырымдылық мекемелер қауымдастығының» өкілдерін қабылдады. Жиынға аталған мекеменің басшысы Ахметжан Омаров, орынбасары Оралбек Рахымбек және ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев қатысты.

Кездесу барысында шешімін таппаған бірнеше жайттар қаралды. Оның ішіндегі өзектісі қайырымдылық мекемелеріндегі діни білім беру мәселесі болып отыр. Өйткені аталған мекемелер Діни басқарманың рұқсатынсыз шариғат шеңберінде ілім үйретуге құқығы жоқ.

Осы орайда «Жібек жолы қайырымдылық мекемелер қауымдастығы» муфтиятпен бірлесе діни білім беруді қолға алмақ. Сондай-ақ пансонаттарға жазғы және қысқы уақытта балаларды тасымалдау жағының қиын екені де айтылды.

Кездесу барысында Діни басқарма өкілдері екі жақты келісім тек 1 жылға ғана жасалады деген мәмілеге тоқталды. Келісім шеңберінде екі тарап өз қалауынша ұзарта алады. Айта кетсек, бүгінде еліміз бойынша 2500-ден аса бала қайырымдылық пансионаттарында білім алып жатыр.

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру