БИЫЛҒЫ РАМАЗАННЫҢ СОҢҒЫ ТАРАУИХ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

19 сәуір 2023 1604 0
Оқу режимі

Бүгін Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде биылғы Рамазан айының соңғы тарауих намазы оқылды. Қадір түнінінен кейін Шымкент қаласынан арнайы шақырылған жас қари Әділет Салауаткерейұлы имамдыққа шығып, жамағатпен бірге дұға жасалды. Асым қырағатынан Хафс және Шұғба риуаятынан иджазасы бар жас қариымызды қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы жамағат алдына арнайы  таныстырған болатын.

Қасиетті Рамазанмен қимай қоштасқан мешіт қызметкерлері мен жамағаты келесі Рамазанға аман-есен жеткізуді сұрап, жеріміз мен еліміздің тыныштығын тілеп, Жаратқанға жалбарынды. Ұстаған оразалары мен жасаған амал-әрекеттерінің қабыл болуын сұрап, қасиетті айдың сауапты болуын тіледі.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру