«БӨЛІМ САҒАТЫ»: ЕКІ БӨЛІМНІҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ (ФОТО)

24 сәуір 2023 1258 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен «Бөлім сағаты» жобасы бойынша кезекті Аппарат жиналысы өтті.

Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қоғаммен байланыс және Мешіт істері бөлімдерінің бұған дейін атқарған жұмыстары жайлы есеп берілді. Сонымен қатар Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы мен Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Абдуллаұлы алдағы уақытта жүзеге асатын жобалар жайлы да баяндады.

«Қоғаммен байланыс бөлімінің жұмысы әрдайым елдің көз алдында. «Ақсақалдар кеңесі», «Сарапшылар кеңесі» белсенді жұмыс атқарып келеді. Мешіт істері бөлімінің де жұмысы жанданып келеді. Бүгінде мешіттердің ортақ электронды базасы жасақталып, құжаттары реттелді. Әлі де бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіре беруіміз керек» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиында ҚМДБ қызметкерлері қос бөлімнің жұмысын жетілдіру бойынша өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру