Чикаго қаласында мұсылман мәдениетін дәріптейтін көрме ашылды

22 қазан 2019 4639 0
Оқу режимі

АҚШ-тың Чикаго қаласындағы «Sabeel Center» орталығында «АҚШ-тан Занзибарға дейінгі алыс-жақын ислам мәдениеті» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Әдебиет пен мәдениет жауһарларын дәріптейтін көрме Манхэттен балалар музейінің демеушілігімен АҚШ-тың түрлі аймақтарында өткізілді. Дүниежүзілік Ислам мәдениетінің өнер туындылары, архитектурасы, дизайны, тағамдары мен киім үлгілері ұсынылды.

Сондай-ақ, бүгінде мұхиттың арғы жағында (АҚШ) өмір сүріп жатқан мұсылман балаларының өмірі туралы мәліметтер берілді. Көрме өз жұмысын 22 желтоқсанға дейін жалғастырады.

Пікірлер Кіру