ДАИШ көсемі ұлының көзі жойылды

05 қазан 2018 6315 0
Оқу режимі

Сирияда Ресей әуе-ғарыш күштерінің әуе соққылары нәтижесінде ДАИШ халықаралық террористік ұйымының көсемі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің төрт ұлының кішісі өлтірілді,-деп хабарлайды Al Arabiya.

Әскери операция 22 қыркүйек күні жүргізілген. Дегенмен, бұл ақпаратқа қатысты РФ Қорғаныс министрлігі ешқандай пікір жарияламады.

Еске сала кетсек, шілде айының басында Әбу Бәкір әл-Бағдадидің үлкен ұлы Худайфа әл-Бадридің көзі жойылғаны туралы хабарланған еді. Ал, ДАИШ көсемінің өзі қайда екені, өлі не тірісі әзірге белгісіз.

Кейбір Таяу Шығыс ақпарат көздерінің хабарлауынша, Әбу Бәкір әл-Бағдади ДАИШ ұйымын бақылаудан шеттеген. Келесі бір нұсқа бойынша нөмірі бірінші террорист ауыр дертке шалдығып, хал үстінде жатқан болуы мүмкін.

 

Дереккөз: каzislam.kz

Пікірлер Кіру