«ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН БАСЫМДЫҚТАРЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

28 қыркүйек 2023 1215 0
Оқу режимі

Астана қаласы Дін істері басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне семинар ұйымдастырды.

Іс-шара діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, халықтың діни сауаттылығын арттыруға, Қазақстан халқының дәстүрлері мен құндылықтарын насихаттауға, экстремистік идеяларға қарсы «иммунитетті» нығайтуға және Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасын түсіндіруге бағытталған. Семинарда әлеуметтік желінің қатері мен жастарды деструктивті діни ұйымдардың қызметіне тартудың алдын алу туралы тақырыптар қозғалды.

Іс-шараға ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің басқарма басшысы Ердәулет Кенжеханов, қалалық Дін істері басқармасының басшысы Нұрдаулет Әлмұханов, Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы, мешіт ұстаздары мен имамдары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық кеңестердің өкілдері, дінтанушылар мен сарапшылар қатысты.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру