Дінмұхаммед Сманов «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры болып тағайындалды

08 шілде 2020 6714 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен белгілі дін қызметкері, РАНТ мүшесі Сманов Дінмұхаммед Әбдіжаппарұлы «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры қызметіне тағайындалды.

Дінмұхаммед Сманов 1985 жылдың 19 қазанында Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында дүниеге келді. 1991-2002 жылдары С.Майлықожа атындағы орта мектепте білім алды.

2003-2005 жылдары Алматыдағы Сұлтанқорған мешітінің Құран Кәрім курсын, 2007-2009 жылдары Сауд Арабиясының Араб тілі институтын, 2009-2013 жылдары Сауд Арабиясындағы «Ислам» университетінің Шариғат факультетін үздік бітірді. 2015-2017 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің Дінтану мамандығы бойынша магистр дәрежесін қорғады.

Еңбек жолын 2015-2017 жылдары Көкшетаудағы «Науан хазірет» мешітінің наиб имамы болып бастады. 2017 жылдан елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, 2020 жылдың қаңтарынан бастап осы мешіттің наиб имамы қызметін атқарды. 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру