ЕЛОРДА БАС ИМАМЫ «ШЕЙХ КУНТА ҚАЖЫ» МЕШІТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

19 сәуір 2023 1756 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қасиетті Рамазан айында Елорда мешіттерінің жай-күйімен жекелей танысып, жалпы бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп келе жатыр. Осы жоспар аясында кеше қала бас имамы Астана маңындаға "Көктал 1" елді-мекенінде орналасқан «Шейх Кунта Қажы» мешітін аралады. Мешіттің бас имамы Өмірзақ Қазкенұлымен жүздесіп, Рамазан айында өткен шаралардың есебін алды.

Айта кетейік, «Шейх Кунта Қажы»  мешіті 2011 жылдың мамыр айынан бері Сарырақа ауданының жамағатын имандылыққа ұйытып, азанымен әлдилеп келеді. Жалпы құлшылық ордасы сыйымдылығы 700 адамға арналған.  Әйелдерге арналған 96 шаршы метрлік намаз залы бар.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру