Елорда имамдары 2022 жылғы жұмыс жоспарын талқылады (ФОТО+ВИДЕО)

09 ақпан 2022 3480 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты мешіттердің 2022 жылғы жұмыс жоспарын талқылау жиыны өтті. Бас имам Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен алқалы жиынға қаладағы 12 мешіттің бас имамдары, наиб имамдар мен ұстаздар қауымы қатысып, өкілдіктің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.

Бас имам Ерболат Жүсіпов жақында өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде көтерілген мәселелерді қозғап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына тоқталды. «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында Елорда өкілдігінде атқарылуға тиісті ауқымды шараларды пысықтап, көпшіліктің талап-ұсыныстары тыңдалды. ҚМДБ бекіткен жеті жұмыс бағыты: «Діни білім және ғылым», «Уағыз насихат және ихсан», «Дін мен дәстүр», «Ақпарат және ағарту», «Қоғаммен байланыс», «Уақып және қайырымдылық» және «Діни оңалту» бағыттарына жекелей тоқталып, өкілдік бойынша жауапты мамандарға тапсырмалар берілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру