Елорда мешіттері арасында «қайырымдылық базасы» құрылды (ФОТО)

30 наурыз 2022 2322 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты 12 мешіт арасында электронды қайырымдылық базасы құрылып, мұқтаж жандарға жәрдемдесу жұмыстары жеңілдей түсті. Елорда мешіттері бойынша қайырымдылық жұмыстары бағытына жауапты қызметкерлер жиынында «Зекет және қайырымдылық» қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі Мерей Жақия аталмыш жобаны таныстырды.

Электронды қайырымдылық базасы арқылы өтініш білдіруші мұқтаж жандардың деректері тіркеліп, мекенжайы бойынша қай мешітке жақын орналасқандығы, әлеуметтік жағдайы көрсетіліп тұрады. Осы арқылы қайырымдылық жұмыстарын ұйымдастыру жеңілдей түспек.

Жиналыс барысында қала мешіттерінің қасиетті Рамазан айындағы қайырымдылық жұмыстары да талқыланып, ұсыныстар айтылды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру