ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНДЕ МЕДИАЦИЯ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ
15 маусым 2026
37
0
Оқу режимі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына сәйкес, Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде арнайы медиация апталығы ұйымдастырылды.
Апталық аясында мешіт имамдары жамағат арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтар арасындағы дау-дамай мен келіспеушіліктердің алдын алу, өзара түсіністік пен татулықты нығайту мәселелеріне назар аударды.
Кездесулер барысында туындаған даулы жағдайларды ушықтырмай, өзара келісім арқылы шешудің маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ кешірімділік, сабырлылық, әділдік пен мәмілеге келу сынды асыл құндылықтардың қоғамдағы ынтымақты сақтаудағы рөлі айтылды.




Пікірлер
Кіру