Елорда мешіттеріндегі әйел ұстаздарға құрмет көрсетілді (ФОТО)

07 қазан 2020 3572 0
Оқу режимі

Жақында өткен Ұстаздар мейрамына орай бүгін ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігіне қарасты мешіттердегі әйел ұстаздарға құрмет көрсетіліп, мерекелік марапаттау рәсім болып өтті. Шәкірт тәрбиелеп, білім үйретумен қатар, құлшылық ордаларындағы қайырымдылық шараларын жандандырып, уағыз-насихат жұмыстарын да жемісті жүргізіп келе жатқан әйел ұстаздардың еңбегі ескеріліп, өкілдік атынан арнайы «Алғыс хат» табысталды.

Мерекелік шараға арнайы қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов ізгі тілегін білдіріп, Ұстаздар мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, ұстаздар мерекесіне орай баршасына арнайы гүл шоқтары мен сыйлықтар тарту етілді.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру