Елорда мешіттерінің Рамазанға дайындығы пысықталды (ФОТО)

31 наурыз 2022 2139 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің жалпы жиналысы болып, Елорда мешіттерінің қасиетті Рамазан айын дайындығы пысықталды. Қала бас имамы Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен жалпы жиналысқа 12 мешіт бас имамдары мен жауапты қызметкерлер қатысты.

Алқалы жиында Елорда имамдары Рамазан айына байланысты бекітілген жұмыс жоспарын тағы бір пысықтап, әр мешіттің дайындығы туралы баяндады. Сондай-ақ, рамазан айы кезінде мешіттердегі тазалық пен санитарлық-сақтық шаралары, ауызашар дастархандарын ұйымдастыру, қайырымдылық жұмыстары секілді бағыттар бойынша нақты тапсырмалар берілді. Иғтикаф мәселесі мен сұрақ-жауап бойынша кезекшілік кестесі де бекітілді.

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру