ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ «АЛТАЙДАН АУҒАН ЕЛ» ҚОЙЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫ (ФОТО)

15 ақпан 2023 1613 0
Оқу режимі

Кеше ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Елордадағы 13 мешіттің 500-ден астам шәкірттері «Алтайдан ауған ел» қойылымын тегін тамашалады. Астана төріндегі Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өткен арнайы шараға «Астана» медресе-колледжінің және Еуразия Ұлттық университетінің студенттері, имамдар мен ұстаздар қауымы да қатысып, рухани толқып қайтты.

Астана өкілдігінің арнайы сұрауымен көрермендерге кешегі кер замандарда тарыдай шашыраған қазақтың Алтайдан Анадолыға дейінгі азапты жолы, қаралы көшін суреттеген «Алтайдан ауған ел» қойылымы қойылып, көпшіліктің көзіне жас ұялатты.

Қойылымнан соң Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов сахнаға көтеріліп, театр ұжымына көрермендер атынан шексіз алғысын білдірді. Сондай-ақ, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып, осындай игі іске қолдау көрсеткен театр ұжымына сый-сияпат табыстап, ізгі тілегін білдірді.

Бұдан соң көрермендер арасында арнайы викториналық сайыс ұйымдастырылып, бүгінгі шараның ұмытылмастай әсері әрмен қарай жалғаса түсті. Жастар ісі секторының ұйытқы болуымен дұрыс жауабын тапқан жандарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру