Елордада «Ғаламның рақым нұры» атты Мәуліт кеші өтеді

19 қараша 2019 1146 0
Оқу режимі

Елордада «Ғаламның рақым нұры» атты Мәуліт кеші өтеді

Адамзаттың абзалы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз туылған мәуліт құрметіне орай 24-қараша күні «Астана» концерт залында «Ғаламның рақым нұры» атты рухани кеш өтеді. ҚМДБ нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Мәуліт мерекесінде Сүйікті Елшіге (с.ғ.с.) сансыз салауаттар жолданып, екі дүние сардарының сүннеті мен өсиеті жаңғыра түсетін болмақ. Өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін берекелі кеш барысында тағылымды әндер мен терме тыңдап, арнайы қойылым тамашалауға болады.

Мейірім мен махаббаттың қайнар бұлағы болған Ұлы шапағатшы, адамдардың мырзасы,  Пайғамбарлардың сұлтаны – Мұхаммед (с.ғ.с.) өнегесінен сусындап, өмірлік азық алғыңыз келсе, Мәуліт кешінен кешікпеңіздер!

Басталуы 11.00.-де. 24-қараша
Өтетін орны: «Астана» концерт залы (бұрынғы Конгресс холл)

Билеттерді Елода мешіттерінен сатып алуға болады.

Пікірлер Кіру