ЕЛОРДАДА КОНЦЕПТУАЛДЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

26 қыркүйек 2022 771 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде Елорда имамдарына арналған семинар болып өтті. Түсіндірме семинарының тақырыбы – «ҚМДБ қабылдаған концептуалды құжаттарға» арналып, Діни басқарма жұмысының негізгі өзегі болған тарихи құжаттар жайлы кеңінен насихатталды.

Түсіндірме семинарына Астана өкілдігіне қарасты 12 мешіттің имамдары мен ұстаздары қатысып, ҚМДБ құжаттарының маңыздылығы мен жекелеген бағыттар бойынша басты ережелер пысықталды. Семинар жұмысына арнайы шақырылған ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов және Республикалық Бас мешіт имамы Қанат Қыдырмин мырзалар аталмыш құжаттар жайлы баяндама жасады.

Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов бүгінгі семинардың маңыздылығына тоқталып, осы уақытқа дейін Діни басқарма қабылдаған 11 құжат жайында қысқаша шолу жасап өтті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру