Елордада үстел теннисінен жарыс өтті (ФОТО)

10 наурыз 2021 2997 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігінің бастамасы және «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен дін қызметкерлері арасында тұңғыш рет үстел теннисінен жарыс өтті.

Спорт жарысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және елордалық мешіт, медресе қызметкерлері қатысты. Тұңғыш рет ұйымдастырылса да сайыс өте тартысты, қызықты өтті.

Жарыс нәтижесінде І орынды «Раиса Ана» мешітінің наиб имамы Елімай Ұтысхан жеңіп алса, ІІ орынды аталмыш мешіттің қызметкері Аманкелді Жасұлан, ал ІІІ орынды ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов иеленді.

Дереккөз: sunna.kz

Пікірлер Кіру