Ердоған София соборын мешітке айналдыруға шақырды

26 наурыз 2019 5523 0
Оқу режимі

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ерекше үндеу тастады. Ол Стамбұл қаласындағы қасиетті София соборы мәртебесін өзгертіп, мешітке айналдыруды ұсынды.

Түркия президентінің айтуынша, собор мәртебесі 31 наурызда өтетін муниципалдық сайлаудан кейін өзгеруі мүмкін. Бұл бастама ғибадатханаға кіру тегін болуы үшін жасалып отыр.

Еске салсақ, бүгінде қасиетті София соборы музей мәртебесіне ие және ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енген әлемге әйгілі византиялық сәулет ескерткіші саналады.

Пікірлер Кіру