ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАНДЫ (ФОТО)

04 мамыр 2023 1630 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен қаладағы мүгедектігі бар балаларға қайырымдылық жобасын өткізді. Жоба аясында арнайы шаштараздар шақырылып, 50 баланың шашы қысқартылды. Сондай-ақ, аниматорлардың қатысуымен кішігірім концерттік бағдарлама қойылып, балаларға қуаныш сыйланды.

Игі шараға қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қатысып, ерекше қажеттілігі бар 300 балаға қамқорлық көрсетіп отырған мекеме қызметкерлеріне алғыс білдіріп, сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, ҚМДБ «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясындағы жоспарлық бағдарламаға сай мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше назар аударып келеді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру