Есепшілердің жылды қорытындылауға арналған жиыны өтті (ФОТО)

30 мамыр 2022 2577 0
Оқу режимі

Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты өңірлердегі мешіт есепшілерінің өткен жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған арнайы жиын өтті.

Алқалы жиынды ашқан Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов есепшілердің игі істеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ ҚМДБ-ның бас есепшісі Лаура Байжарасова діни саладағы есеп-қисап жүргізу жұмыстары заманауи тәсілмен жүзеге асып жатқанын атап өтіп, осы бағытта есепшілерді белсенді қызмет етуге шақырды.

Жиын барысында өңірден келген есепшілер есеп-қисап жүргізу жұмысын оңтайландыру бағыты бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, тәжірибесін бөлісті.

Жиын қорытындысы бойынша Қарағанды облысының бас есепшісі Рымгүл Темірбекқызы, Шымкент қаласының бас есепшісі Алшагүл Әкімбайқызы, Нұр-Сұлтан қаласының бас есепшісі Қайрат Әнуарұлы жылдық есеп бойынша үздік деп танылды.

Сондай-ақ мешіт есепшілері ҚМДБ-ның «Дархан дала» жобасы аясында Түркістан облысындағы киелі орындарды, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи және Ибраһим ата кесенелерін зиярат етіп, баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру