«Ғылмани» мешітінде Ережеп тәбәрігі таратылды (ФОТО)

13 наурыз 2019 98 0
Оқу режимі

Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Қасиетті Ережеп айының құрметіне, Бас имам Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен және демеуші азаматтардың қолдауымен, «Светоч» балалар үйіндегі 30 балаға азық-түлікпен және әртүлі заттай (балалардың өз қалаған заттары) көмек көрсетілді. Сонымен қатар Елордалық әлеуметтік  жағдайы төмен, мүгедек және көп балалы 100 отбасыға қайрымдылық шарасы жасалды. Әрбір отбасына (ұн, күріш, май, қант, макарон, шекер т.б.) азық-түлік пакеті үлестірілді.

Сондай-ақ, бұл игі шараларды қайырымдылық жұмыстарына жауапты имам Әбіл Агитаев және ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторы және «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіннің жанын құрылған «Аналар мектебі» рухани клубның жетекшісі, ұстаз Әлия Аусағатова т.б. мешіт қызметкерлерінің белсенділігімен қасиетті айдағы игі шаралар өз жалғасын табуда.

 

Дереккөз: «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру