«Ғылмани» мешітінің ұжымы қари ұстазбен толықты (ФОТО)

16 тамыз 2019 6025 0
Оқу режимі

 ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен, «Ғылмани» мешіті жаңа білікті ұстазбен толықты.

Қасиетті жұма күні «Ғылмани» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазанов жұма уағызынан кейін, жамағатқа ұстаз Күлер Нұреддинді таныстырды. Аталмыш жиында имам Бас мүфтидің бұйрық хатын оқып, жаңа маманның дін жолындағы қызметіне сәттілік тіледі.

«Нұреддин Абдусамадұлының қарилық қырын да айрықша атап өтуге болады. Алла қаласа, мешітіміздегі көптеген шәкірттер діни дәріс алып жатыр, міне соларға Құран жаттатуда мол үлесін қосады деген сенімдеміз», – деді Бас имам Нұрлан Рамазанов.

Күлер Нұреддин Абдусамадұлы – 1986 жылы 22-сәуірде туған.
2001-2004 ж.ж Шымкент қаласы «Дар-аль-арқам» Құран карім орталығында 30 пара Құран жаттады;
2007-2011 ж.ж Египет араб республикасы «Әл-Азхар» университетінде оқыды;
2011-2015 ж.ж «Нұр-Мүбарак» египет ислам мәдениеті университеті исламтану факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2014-2017 ж.ж Алматы қаласы «Қалкаман-2» мешітінде азаншы;
2017-2018 ж.ж Алматы қаласы «Ақсай» мешітінде ұстаз;
2018-2019 ж.ж Алматы қаласы «Таугүл-3» мешітінде ұстаздық қызметін атқарды.

Отбасы құрған, 3 баланың әкесі.

Дереккөз:  «Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру