Имам жер сілкінісі кезінде де намазын тоқтатпады (ВИДЕО)

09 тамыз 2018 7041 0
Оқу режимі

Тамыз айының 5-жұлдызында Индонезия мемлекетінің Ломбок аралында қуатты жер сілкінісі тіркелген болатын. Нәтижесінде 90-нан астам жан қаза тауып, жүздеген жан түрлі дене жарақатын алған.

Қуаты 7 магнитуда болатын зілзаланың алғашқы дүмпуі тура намаз уақытына сәйкес келген көрінеді. Алайда, жергілікті имам, тіпті, жер сілкінісі кезінде де намазын тоқтатпастан, құлшылығын жалғастыра береді.

Пікірлер Кіру