ИМАМДАРҒА «MUFTIYAT» БАСПАСЫНЫҢ КІТАПТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

18 мамыр 2023 1916 0
Оқу режимі

Бүгін Елорда төріндегі «Әзірет Сұлтан» мешітінде «MUFTIYAT» баспасы директорының қатысуымен  «Кітап – сарқылмайтын қазына» атты  Астана имамдарына арналған семинар өтті.

Біліктілікті арттыруға арналған жиында ҚМДБ Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы алғысөз сөйлеп, бүгінгі жиынның мақсатын атап өтті. Кейін  «MUFTІYAT» баспасының директоры Мұрат Манапұлы «MUFTIYAT» баспасынан шыққан соңғы кітаптармен таныстырып, олардың негізгі мазмұны мен мән-маңызын атап, біршама ақпарат берді. Сондай-ақ, баспаның алдағы жоспары мен айналысып жатқан жұмыстарын атап өтті.

Жиын соңында «MUFTIYAT» баспасынан шыққан кітаптар таныстырылып, мешіттерге  таратылды.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру