«ИНАБАТ» ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР КЛУБЫ МЕШІТКЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ (ФОТО)

12 наурыз 2026 291 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубы Рамазан айында мешітке қайырымдылық жасады.

Игі іс аясында әйелдер жамағаты кіретін кіреберіс бөлігі жаңа кілемдермен жаңартылды. Сонымен қатар, мешітте өткізілетін дәрістер мен білім беру шараларын заманауи форматта жүргізу мақсатында үлкен интерактивті электронды тақта сыйға тартылды.

«Инабат» клубының мүшелері алдағы уақытта да мешіттің рухани-ағарту жұмыстарына қолдау көрсетіп, игі бастамаларға атсалыса беретіндерін жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру