Индонезияда екі арал су астына кетті

17 қаңтар 2020 789 0
Оқу режимі

Индонезиядағы Бетет және Гундул атты екі арал теңіз деңгейінің көтерілуі себепті су астына кетті деп хабарлайды The Straight Times басылымы. Индонезия Қоршаған ортаны қорғау форумының мәліметтеріне сілтеме жасаған басылым қос аралдың теңіз деңгейінен 1 және 3 метр төменде қалып қойғанын жазады.

Оңтүстік Суматра провинциясындағы қос арал Бербак-Сембиланг ұлттық саябағының қарасты болған. Ұлттық саябақ директоры Аффан Абсори Бетет аралының толықтай су астында қалғанын ресми мәлімдеген.

Айта кетейік, Оңтүстік суматра жағалауында үлкенді-кішілі 23 арал орналасқан. Кейбірінде адам тұрмағанымен, көпшілігінде фермерлер мен балықшылар қоныс тепкен екен. Индонезия Қоршаған ортаны қорғау форумының ескертуіне құлақ түрсек, жақын арада Бурунг, Калонг, Салах және Крамат аралдарына да судың астында қалу қаупі төніп тұрған көрінеді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру